ҚАЗАҚ ТІЛІ – СӨЗДІК ҚОРЫН МЕҢГЕРТУ

Мектеп жасына дейінгі баланың жан-жақты дамуы- ол ең алдымен сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Сөйлеу – адам өміріндегі жинақталған тәжірибемен бөлісудің, мінез-құлық пен белсенділікті реттеудің алуан түрлі коммуникациялық  функцияларын орындайды.Тілді меңгеру, сөйлеуді дамыту – мектепке дейінгі балалық шақтағы маңызды білім қоры.

Заманауи мектепке дейінгі білім берудің ең маңызды міндеті – тұлғаның үйлесімді және жан-жақты дамуы, балалардың жас және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, негізгі құзыреттілігін қалыптастыру.

Мектеп жасына дейінгі балалардың ата –аналары күннен-күнге балаларының тілді үйренуге деген қызығушылықтарын арттыруда. Атап айтқанда мектепке дейінгі ұйымдарда, бұл көбінесе қазақ тілін міндетті түрде оқыту үрдісімен анықталады, сондықтанда саналы тәрбие ретінде қазақ тілін үйренуге тәрбиелеудің түп негізі – балабақшада қалыптасады.

Ата-аналардың балабақшадағы сабақтарға, мерекелерге, балабақшада өткізілетін бірлескен іс -шараларға қатысу арқылы біздің жұмысымызбен танысу мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар балаларының тілді меңгерудегі  нақты жетістіктерін көре алады. Балабақшадағы қазақ тілін оқыту баланы жас ерекшелігіне сай шамадан тыс жүктемеу принципіне сәйкес жүргізіледі. Грамматика негіздерін үйрену үш-бес жастағы балалар үшін қиын, бұл жастағы балалар әлі дайын емес. Грамматикасыз қазіргі заманауи тілді үйрену әдістері өзінің тиімділігін дәлелдеді.

Жоғарыдағы міндеттердің сәтті орындалуы, балабақшада балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдер мен ата -аналар арасында тығыз қарым-қатынаспен , бірлескен жұмыстың арқасында жүзеге асады. Сонымен қатар, отбасымен өзара әрекеттесу жүйесі ешбір жағдайда біржақты болмауы керек. Бұл ата-анаға педагогикалық білім беру ғана емес, сонымен қатар отбасының қажеттіліктерін зерттеу, белгілі бір отбасынан шыққан жеке баланың даму тенденцияларын бірлесіп әзірлеу, ата-ананың балабақша өмірі мен қызметіне қатысуы.